EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (ENRC, біріккен корольдігі) 2010 жылдың төртінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелерін жариялады

03.02.11 11:23
/KASE, 03.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде түрған, EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 02 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады. Eurasian Natural Resources Corporation PLC ("ENRC" немесе еншілес компаниялармен бірлесіп – "Топ") бүгін 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған, төртінші тоқсандағы өзінің өндірістік есебін жариялады. Тоқсандағы топ өнідірісінің көлемі Ферроқорытпа бөлімінде біршама ұлғайды, қалған қазақстандық Бөлімдерде негізінен 2009 жылдың 4 тоқсанындағы - өндірістің елеулі қалпына келуі кезеңіндені деңгейде сақталып қалды. Қазақстандағы бізге тиесілі Ферроқорытпалар бөлімдері және Темір кені бөлімдері толық өндірістік қуаттпен жұмыс істеді. Алюминий тотығы және алюминий бөлімінде алюминийді өндіру көлемі екінші кезектегі электролиз зауытының тоқсан бойы толық қуатпен жұмыс істеуінің арқасында артты. - Ферроқорытпа бөлімі. 2009 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, ферроқорытпалар түлерінің көбінің көлемі артты: - ферроқорытпалардың жалпы өндірісі 5,6%-ға өсті; - феррохромның өндірісі 6,3%-ға өсті, соның ішінде жоғары көміртекті феррохром өндірісі 5,3%-ға өсті; - темір кені бөлімі. 2009 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, өндіріс көлемі аздап артты; - темір кенін өндіру 2,2% артты; - тауарлық концентрат өндірісі 4,4% артты; және - 2010 жылғы 3 тоқсанның соңына қарай күйдірілген хром шекен тастарына деген сұранысты қайта жаңғырту жалғасты, тауарлық өнімнің түрлерінде олардың үлесі 2010 жылдың 4 тоқсанында ұлғайғанымен, 2009 жылдың 4 тоқсанындағы деңгейге жете алмады. - Алюминий тотығы және алюминий бөлімі. 2009 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда бокситтерді өндіру көлемі 6,1%-ға, ал алюминий тотығының өндірісі 0,7% өсті. - Басқа түрлі түсті металдар бөлімі. 2010 жылдың 4 тоқсанында тауарлық мыс өндірісінің көлемі 4 992 т, металл мен концентраттағы кобальт өндірісі 2 904 т құрады. - Энергетика бөлімі. 2009 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда көмір өндірісі 5,0%-ға төмендеді, электрэнергиясын өндіру көлемі 6,3% артты. - Логистика бөлімі. Темір жол көлігімен тасымалданатын жүк көлемі 2,5% төмендеді. 2010 жылдың 4 тоқсанындағы өндірістік есебі бар, аталмыш баспасөз- хабарламасы KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша жарияланған: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_020211.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_020211_eng.pdf – ағылшын тілінде.