KASE ТАҢЕРТЕҢГІЛІК СЕССИЯСЫ: USDKZT_TOD = 146,48 (+0,05)

14.02.11 11:19
/KASE, 14.02.11/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және есептесуі АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 146,48 (+0,05 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 29 000 мың. USD (-138 550 мың. USD) құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.