2011 жылдың 03 ақпанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

03.02.11 11:13
/KASE, 03.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде"Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) мынадай бағалы қағаздары қолданылады: - KZ1P33870117 артықшылықты акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBKp); - KZPC7Y10B193 облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы; HSBKb10; 10 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 02.11.05 – 02.11.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,70 %; 30/360). Репо операцияларына тиісінше R_HSBKp_007, R_HSBKp_014, R_HSBKp_028, R_HSBKb10_007, R_HSBKb10_014 және R_HSBKb10_028 кодтары берілді.