"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (қазақстан) 2011 жылдың 5-31 қаңтары аралығында KASE-де 236 430 өзінің KZ1P51460114 (RDGZp) артықшылықты акциясын сатып алғандығын хабарлады

01.02.11 11:07
/KASE, 01.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 31 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 5-31 қаңтары аралығында KASE сауда жүйесінде артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі кезекті мамандандырылған саудалардың өткізілгенін хабарлайды. Мамандандырылған саудалардың қорытындысы бойынша Компания 236 430 артықшылықты акцияны данасына 19 253,25 теңгеден сату өтінімдерін қанағаттандырды. Сатып алу жиынтық сомасы 4 552 045 897,50 теңгені құрады. Есептесу 2011 жылдың 3 ақпаны күні жүргізіледі. Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруды бастағалы бері Компания 28 909 970 603,16 теңге сомаға 1 582 643 артықшылықты акция сатып алды. Келесі сауданың өтетін мерзімі қосымша хабарланады. Компания әрбір мамандандырылған сауданы жүргізердің алдында және соны өткізгеннен кейін хабарландыру жариялайтын болады. Хабарландыруда мұндай саудаларды өткізу шарттары мен қорытындылары көрсетілетін болады. Сатып алу бағдарламасы мен листинг артықшылықты акциялардың иелеріне құнды қағаздардың ашық әрі неғұрлым өтімді рыногында сауда жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, шамамен 20 мың адам иеленіп отыр. Байланыс ақпараты: Мамандандырылған саудасаттықты өткізу туралы: АӨҚО ақпараттық-анықтамалық қызметі – 8 800 080 01 77 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін). "ҚМГ БӨ" АҚ, Қоғаммен байланыс (+7 7172 97 7600) Даулет Жумадил e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалды инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33) Асель Калиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham PR (+44 207 861 3147) Елена Добсон e-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы