23 АҚПАНДА KASE ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ

24.02.11 11:02
/KASE, 24.02.11/ – 23 ақпанда Қазақстан қор биржасы (KASE) өңірлік мемлекеттік ЖОО оқытушыларына оқыту семинарын өткізді. Семинар "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы академиясы" АҚ және "Қазақстан қор биржасы" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының 30 оқытушысы қатысқан семинар барысында KASE қызметіне қатысты бағалы қағаздар айналысы және Қазақстан қор нарығының жағдайы мәселелері айтылды.