/ҚАЙТАЛАУ/ БИРЖА ТАРАТУ ҮШІН БИРЖАҒА ТҮСКЕН, ЖАРИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТЫҢ РАСТЫҒЫНА KASE ЖАУАП БЕРМЕЙТІНДІГІН ЕСКЕ САЛАДЫ

21.02.11 11:11
/KASE, 21.02.11/ – Бағалы қағаздар және олардың эмитенттері, сондай-ақ Биржа мүшелері туралы Биржаның жариялаған ақпараттың растығына қатысты Қазақстан қор биржасына (KASE) қандай да бір наразылықтың туындауын болдырмау мақсатында KASE келесі түсініктеме береді. Аталған ақпаратқа қатысты Биржаның ішкі құжаттарында мынадай нормалар белгіленген. "Листингілік ережелер" атты Биржаның ішкі құжатына сәйкес: - рұқсат ету бастамашысына листингілік компаниялар қызметі туралы тоқсандық және жылдық есептерді, мұндай қызмет туралы ағымдағы ақпаратты, сондай-ақ инвесторлардың мүдделеріне қатысты оқиғалар жайлы түрлі ақпараттарды Биржаға ұсыну бойынша жауапкершілік жүктеледі; - осы бағалы қағаздар эмитенттерінің қызметі жайлы қажетті ақпараттың растығына, толық әрі уақытында ашылуына қатысты жауапкершілікті олардың рұқсат ету бастамашысына жүктеледі; - Рұқстан ету бастамашысының нақты емес немесе жалған ақпараты үшін, оның негізінде потенциалды инвесторлардың эмитент және оның бағалы қағаздары жайлы пікірі дұрыс қалыптаспауы мүмкін, сондай-ақ рұқсат ету бастамасышының ақпаратты жасырғаны үшін Биржа жауапты емес. "Биржалық ақпаратты тарату ержелері" атты Биржаның ішкі құжатына сәйкес: - Рұқсат ету бастамашысы және бағалы қағаздар эмитенттері, олардың ақпаратты ашу бойынша міндеттерінің орындалуы мақсатында, Биржаға ұсынған ақпарат, толық мәтіннің цитатасы бар немесе құжаттардың маңызды немесе құжаттар мәнін олардың мәтініне барынша жақын етіп беретін бөліктері бар, жаңалықтар немесе, құжаттардың сканирлерген бейнелері және, құжаттардың мазмұнын бұрмалайтын және оның жалпыға қол жетімді бағдарламалық өнімдер арқылы оқылуына мүмкіндік беретін, Биржа таңдаған өзге де түрлерде таратылады; - KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар, Биржаның сұратуларына жауап ретінде немесе Биржа мүшелерінің, рұқсат ету бастамашыларының және бағалы қағаздар эмитенттерінің бастамашылығы бойынша ұсынылса, осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды; - KASE алдыңғы абзацта айтылған, хабарламалар мен құжаттарың растығын тексермейді; - аталған ақпаратты таратудың негізгі тәсілі оны Биржаның веб-сайтында http://www.kase.kz/ орналастыру болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аталған ақпаратты өзінің веб-сайтында кез келген түрде, соның ішінде жаңалықтар түрінде жариялағанда KASE: - (рұқстат ету бастамашысының тоқсандық және жылдық есебі, қаржылық есеп берушілігі, аудиторлық есеп, листингілік компаниялардың акциялары және акционерлері жайлы мәліметтер, құжаттарды растайтын көшірмелер, хаттар, баспасөз-хабарламалары және басқа да мүмкін болатын түрлерде алған ақпаратты қолдануға; - (ақпарат көзін әрдайым көрсетуге; - (ақпарат растығын, мұндай ақпарат растығы үшін бүкіл жауапкершілікті ақпарат көзінем жүктей отырып, ешқашан тексермейді; - (қандай да бір оқиғаның болғандығын ешқашан бекітіп жарияламайды, бұл оқиға туралы ақпарат көзінің тиісті хабарламасына сілтеме жасайды; - (ақпаратты дәлме-дәл (цитаталар, URL-сілтемелері көрсетілген құжаттар ақпараты бар файлдарды орналастыру арқылы) жариялау немесе ақпараттың оның мәтіндік мазмұнына жақын етіп береді; - (грамматикалық және семантикалық нормаларды сақтау және ақпаратта қолданылған терминдердің заңнамаға және KASE ішкі құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Қаржы нарығына қатысты және, қаржы нарығындағы оқиғалармен қауымдастықты таныстырудың ең тиімді казақстандық каналдардың бірі ретінде Биржа арқылы ақпаратты таратуға мүдделі, түрлі тұлғалардан (мысалы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан және мемлекеттік органдардан) алынған аталмыш ақпаратты Биржаның веб- сайтында жариялау жағдайында да Биржада ұқсас принциптер қолданылады. Бұл ретте Биржаға белгісіз тұлғалар (соның ішінде өздерін қаржы институттарының инвесторлары немесе клиенттері деп атаған) тарапынан ұсынылған, теориялық жағынан Биржа тексере алмайтын және пәлеқорлық, жала немесе жалған-диффармациялық ретінде бағалануы мүмкін ақпаратты жариялаудан бас тартады. Биржа жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған және оны дәлелдей алатын тұлғалар, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. Аталмыш хат қысқа мерзімде Биржа тарапынан қарастырылады. Биржалық ақпаратты таратудың толық мәтіні Биржаның веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/info_rules_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланды.