"ҚАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АЛМАТЫДА ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ КРЕДИТТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

10.02.11 10:59
/KASE, 10.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазкоммерцбанк" (Алматы) 2011 жылдың 09 ақпанындағы баспасөз –хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі Қазкоммерцбанк Алматыда толық циклді кредиттік орталық ашты. Енді банк халыққа тұтынушылық кредит беруді жандандырады. Кредиттік орталық «бір терезе» принципі негізінде құрылған болатын. Аталған орталықта клиенттерге тұтынушылық кредитті рәсімдеу және оны пайдалану шеңберінде толық пакет ұсынылады. Орталықта қарыз алушыға кеңес беруден бастап, несие алғаннан кейін де қызмет көрсетіледі. «Біздің мақсатымыз – клиенттерге қолайлы болатындай кредитті жылдам беру. Тұтынушылық кредит беру нарығында үстіміздегі жылы өсім болады деп күтілуде. Сондықтан біз кредит алғысы келетін барлық клиенттерді қабылдауға дайын болғымыз келеді, сондай-ақ, кредит берудегі процедураларды жеңілдетіп, кредитті рәсімдеуді тездетеміз», - дейді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Андрей ТИМЧЕНКО. Кредиттік орталық қала орталығында – Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, жаңа бизнес орталықта орналасқан. Көлік тұрағы да қарастырылған. Кредиттік орталыққа келген әрбір адам өзіне қажетті кеңес алып, тұтынушылық кредиттің қалаған түрін рәсімдей алады. Мәселен, жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алуға кредит алу, экспресс-кредит немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, той жасау, жиһаз сатып алу, шетелге шығу және т.б. қажетті кредит ала алады. Орталықтағы кредиттік менеджерлер клиентке қажетті кредитті таңдап, есеп-қисабын жасап, өтінішін қабылдайды. Аталған орталықта кредитті рәсімдеу үшін қажетті негізгі бөлімдер жұмылдырылған. Мәселен, «Казкоммерц-Полис» пен «Казкоммерц-Life» компанияларының сақтандыру мамандары кеңес жүргізіп, сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру полистерін рәсімдейді. Кредиттік орталықтың жанында банкпен жұмыс істейтін нотариус офисі бар. Бұл да банк клиенттерінің өз құжаттарын жинаудағы жұмысын жеңілдетеді. Клиенттер кредит алғаннан кейін Кредиттік орталықтағы посткредиттік қызметке де жүгіне алады. Мәселен, кредитті төлеу кестесін өзгерту, кредитті толықтай немесе жартылай алдын ала өтеу, кредитті қайта қаржыландыру, кепілдіктегі мүлік жайлы анықтама қағазын алу және т.б. Кредиттік орталықта жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет түрлерін ұсынатын әмбебап кассалық есеп айырысу бөлімі жұмыс істейді. Бұл жерде 2 банкомат (оның біреуінде Cash-in функциясы бар) және Интернет дүңгіршек орналасқан. Кредиттік орталықтың жұмыс істейтін уақыты – 9-дан 19-ға дейін, үзіліссіз. Сенбі күні – 9-дан 16-ға дейін. Қазкоммерцбанк – Қазақстанның ең ірі банктердің бірі. Оның активтері 2010 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша, 2,7 трлн теңгені құрады (шамамен 17,5 млрд доллар). 2010 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ККБ үлесіне қазақстандық банк жүйесінің 21% активі, кредиттік қоржынның 25%, жеке тұлғалардың 19% салымдары және заңды тұлғалардың 22% салымдары тиесілі. Байланыс телефондары: Алина Стукова, Бұқарамен байланыс департаменті Тел.: +7 (727) 258-53-92, 2585-105, қосымша 57775 E-mail: astukova@kkb.kz [2011-02-10]