ҚҚА "RESMI" ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ҮЙІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 05 МАУСЫМЫНАН 05 ЖЕЛТОҚСАНЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

08.02.11 11:24
/KASE, 08.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 14 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 05 маусымынан 05 желтоқсанына дейінгі кезеңде "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2010 жылдың 05 желтоқсанындағы жағдай бойынша "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ 238 072 жай акциясы орналастырылмаған.