/KASE, 17.02.11/ – "Батыс транзит" АҚ-ның (Алматы) Қазақстан қор
биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KZ2CKY13B996 инфрақұрылымдық
облигацияларының (BTTRb1; 100 теңге, 18 830,0 млн теңге; 30.03.06 –
30.03.19, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон,
ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,80 %; 30/360) ұстаушылары өкілі
болып табылатын "АТФБанк" АҚ (Алматы) "Батыс транзит" АҚ-ның 2011
жылдың 01 қаңтарына қаржылық жағдайын талдау нәтижелерін KASE-ге
ұсынды.
Аталмыш талдау нәтижелерімен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_akt_010111.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.