ҚҚА "DELTA BANK" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY07B717 (NFBNB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАСЫНАТ ЕНГІЗГЕН ӨЗГЕРТУЛЕРІ МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРЫН ТІРКЕДІ

23.02.11 10:24
/KASE, 23.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ (Астана), өзінің KZ2CKY07B717 облигацияларының (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы; NFBNb1; 100 теңге, 3,0 млрд теңге; 27.09.05 – 27.09.12, инфляция деңгейімен индекстелінген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,70 %; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 16 ақпанында тіркеліп, "Delta Bank" АҚ директорлар кеңесінің және Басқарма құрамының өзгеруіне, сондай-ақ "Delta Bank" АҚ тіркеушісі туралы мәліметтердің өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгерту KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9b1_izm_160211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған