/KASE, 02.02.11/ – "Астана Газ Сервис" АҚ (Астана) өзінің KZ2CKY05B893
дисконтты облигациялары бойынша (ASZSb1; 10 000 теңге, 289,0 млн теңге;
25.01.06 – 25.01.11; actual/365) негізгі қарызының төлеуін кідіртетіні
туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына сәйкес "Астана Газ
Сервис" АҚ негізгі қарызын 2011 жылдың 25 қаңтарында төлеуі тиіс.
Хатта "Астана Газ Сервис" АҚ 289 000 000 KZT (екі жүз сексен
тоғыз миллион теңге) сомасына өзінің дисконтты облигацияларының
(ҰСН KZ2CKY05B893) қарызын өтемегендігін хабарлады, оларды өтеу
мерзімі 2011 жылдың 25 қаңтары болатын.
Өзінің облигациялары бойынша дефолтқа жол берген, листингілік
компаниялардың тізімі KASE веб-сайтында "Эмитенттер" бөлімінде
("дефолт" салымшасында)
http://www.kase.kz/kz/emitters мекен-жайы
бойынша жарияланған.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.