18 АҚПАННАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "ТЕМІРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C00260014 (TEBN) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P00260110 (TEBNP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

18.02.11 10:01
/KASE, 18.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 18 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Темірбанк" АҚ (Астана) мынадай бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық ашылды: - KZ1C00260014 жай акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, TEBN); - KZ1P00260110 артықшылықты акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, TEBNp). KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін деп белгіленді. "Темірбанк" АҚ тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/tebn мекен-жайы бойынша жарияланған.