"ТрастФинАудит" аудиторлық компаниясы" ЖШС KASE мойындайтын және АӨҚО ҚҚРА біліктілік талаптарына сәйкес келетін, тізімге енгізілді

24.01.11 18:13
/KASE, 24.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) эмитенттерінің қаржылық есеп берушілігі және аудиті жөніндегі Биржалық кеңестің шешімімен "ТрастФинАудит" аудиторлық компаниясы" ЖШС (Алматы) Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі (АӨҚО ҚҚРА) Төрағасының 2009 жылдың 20 қазанындағы "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын айналысқа жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын бірліктілік талаптарын бекіту туралы" # 04.2-44/172 бұйрығының 2 тармағындағы талаптарға сәйкес келуіне байланысты, аталмыш аудиторлық ұйым 2011 жылдың 24 қаңтарынан бастап, Биржай мойындайтын, аудиторлық ұйыидар тізіміне енгізілді. Аталмыш аудиторлық ұйымды аталған тізімге енгізу мәселесі "ТрастФинАудит" аудиторлық компаниясы" ЖШС, бұрындары АӨҚО ҚҚРА-мен берілген, біліктілік талаптарға сәйкестік туралы тұжырымының қолданыста болу мерзімі аяқталуына байланысты қарастырылды. KASE мойындайтын және АӨҚО ҚҚРА біліктілік талаптарына сәйкес келетін, аудиторлық ұйымдардың жаңартылған тізімі KASE өз веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/list_audit_240111.pdf мекен жайы бойынша жарияланды.