KASE биржаның сауда жүйесінде өткізілген, жеке инвесторларға арналған үйретуші ойынның қорытындыларын шығарды

06.01.11 19:50
/KASE, 06.01.11/ – Бұрын хабарланғандай, 2010 жылдың 15-27 желтоқсаны аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE), STrade сауда жүйесі клиенттік қосымшасының көрсету нұсқасын қолдана отырып, жеке инвесторлардың шектелмеген тобына арналған үйретуші байқау-ойынын өткізді. Аталмыш ойын жеке инвесторларға Интернет желісі арқылы қашықтықта қол жеткізу режимінде KASE сауда жүйесіндегі жұмыстың мүмкіндіктерін көрсету, Биржадағы бағалы қағаздар саудасын дәріптеу және Қазақстанның ұйымдастырылған қор нарығы жұмысына жеке инвесторды тарту, сондай-ақ STrade деген атқа ие болған (жобалық нұсқада қосымша "шебер клиент" деп аталған) сауда жүйесінің жаңадан жасалған клиенттік қосымшасын тестілеу мақсатында ұйымдастырылды. Ойын шарттарына сәйкес әрбір қатысушының KASE сауда жүйесінде ашылған шотына 10 млн виртуалды теңге аударылды. Ойын барысында, Биржада ең өтімді жеті атаулыдағы акциялармен операцияларды жүргізе отырып, жоба қатысушысы бағасы үздіксіз бағаланып отыратын инвестициялық портфельді қалыптастыруға тырысты. Ойынға барлығы 273 жеке инвестор қатысты. Ойын қорытындысы бойынша KASE, ойын ережелеріне сәйкес 2010 жылдың 28 желтоқсанында Алматы уақыты сағат 17:00-дегі жағдай бойынша өзінің инвестициялық портфелінің ең жоғарғы нарықтық бағасына қол жеткізген, жеңімпаздарды анықтады. Ойын жеңімпаздары: - Тоқбаев Данияр (портфель құны – 12,4 млн); - Нуртазин Дархан (12,2 млн); - Бабажанов Ильдар (11,9 млн). Жоба демеушісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ Данияр Тоқбаевқа сомасы 100,0 теңгені құрайтын KASE индексінің уәкілеттік тізіміне енетін, акциялардың инвестициялық портфелін ұсынды. Бұған қоса, Strade терминалын жасап шығарған, KASE еншілес ұйымы "eTrade.kz" ЖШС жеңімпаздарға: - бір жыл ішінде бір тұлғаның (брокер клиентінің) транзиттік бұйрықтарды беру механизмін қолдануының тегін мүмкіндігін береді; - Сауда жүйесіне кірудің кілттері мен паролін шексіз рет ауыстыру м үмкіндігімен, бір тұлғаға (брокер клиентіне) ашық кілт сертификатын алуға жылдық тегін абонементті ұсынады. KASE көрсеткен белсенділіктері және ойынды ұйымдастыру, оның ережелеріне, сондай-ақ STrade бағдарламалық қамсыздандыруға қатысты айтылған ескертулер үшін барлық қатысушыларға өз алғысын білдіреді. Барлық ескертулерді биржа қарастырды және олар KASE кейінгі қызметінде ескерілетін болады. Жоба жайлы қосымша ақпарат алу үшін Биржаның PR бөліміне +7 (727) 237 53 08 телефоны арқылы немесе pr@kase.kz электронды мекен жай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.