"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ "АЛЬЯНС БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) XS0495755729, XS0495756024 (ASBNE10) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША БИРЖАДА МАРКЕТ-МЕЙКЕР МӘРТЕБЕСІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
21.01.11 18:06
/KASE, 21.01.11/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының шешімімен
(KASE) "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 21 қаңтарынан бастап
"Альянс Банк" АҚ-ның (Алматы) XS0495755729, XS0495756024 халықаралық
облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты, ASBNe10; 978 059,00 АҚШ доллары; 25.03.10 –
25.03.20, жылдық купон, 25.03.17 дейін жылдық 0,00 %, бұдан ары –
5,80 % жылдық; 30/360) бойынша маркет-мейкер міндеттерін атқарудан
айырылды.
Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі
құжатының 7 бабы 3 тармағына сәйкес, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ 2011 жылдың
18 және 19 қаңтарында "Қор нарығы мүшелеріне арналған маркет-мейкер
мәртебесінің маманданымы" атты KASE ішкі құжатының 2 бабы 2
тармағының 1) тармақшасын бұзып, аталмыш облигациялар бойынша
міндетті баға белгілеулерді қолдамағанына байланысты қабылданды.