ҚҰЛАҚТАНДЫРУ: 2011 ЖЫЛДЫҢ 10 АҚПАНЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА STANDARD & POOR’S КОМПАНИЯСЫНЫҢ БОРЫШТЫҚ НАРЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ

21.01.11 17:53
/Standard & Poor’s, 21.01.11/ – Банктерді рейтингілік бағалауы критерийлерінің және банктік сектор (BICRA) елдің тәуекелдерінің бағасын анықтау әдістемесінің жоспарлы өзгерулеріне байланысты, Standard & Poor's компаниясы борыштық нарық қатысушыларына арналған семинар өтекізеді. Семинар мақсаты – шамаланған өзгертулерге қастысты барынша көп пікірлер мен сұрақтар алу. Қатысушылар ескертулері критерийлерді әзірлеу барысында ескерілетін болады. Standard & Poor’s Мәскеулік өкілдігінің атынан Сізді компаниямыздың жетекші талдаушылары, соның ішінде "Қаржы институттары" бағытының директоры Екатерина Трофимованың қатысуымен өтетін, аталмыш шараға қатысуға шақырамыз. Шара 2011 жылдың 10 ақпанында сағат 10:00-де, "Интерконтиненталь" қонақүйінің "Абай" залында өтеді, шара орыс тіліде өтеді. Пікір-таласты тиімді өткізу мақсатында www.standardandpoors.ru "Критерия және методология" бөлімінде көпшілікке қолжетімді орналасқан, критерийлердің өзгеруіне қатысты материалдармен танысуларыңызды өтінеміз. Егер де сіз семинарға қатысқыңыз немесе критерийлердің өзгеруіне қатысты материалдарды алғыңыз келсе, +7 (495) 783 40 11 телефоны немесе Elena_bakhareva@standardandpoors.com e-mail арқылы Елена Бахареваға хабарласыңыз.