ҚҚА "баян сұлу" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті

17.01.11 17:40
/KASE, 17.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян сұлу" АҚ (Қостанай, бұдан әрі – компания), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2010 жылдың 24 желтоқсанындағы ескертпе хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжатқа сәйкес: - ҚҚА компания акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті; - шығарылым 100 000 000 жай акцияларға бөлінді; - акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А2412 нөмірі бойынша енгізілді; - 2010 жылдың 02 қазанындағы жағдай бойынша компанияның 44 660 000 жай акциялары орналастырылды, олардың жарғылық капиталы 9 617 568 790 теңге көлемінде құрастырылды.