12 қаңтардан бастап "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Қазақстан) және "ОРДА Капитал" басқарушы компаниясы" АҚ (Қазақстан) KASE индексінің мәніне фьючерстер сауда-саттығына жіберілді

12.01.11 18:05
/KASE, 09.12.2011/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2011 жылдың 12 қаңтарынан бастап "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) және "ОРДА Капитал" басқарушы компаниясы" АҚ (Шымкент) KASE индексінің мәніне фьючерстер сауда-саттығына жіберілді. Бұл шешім аталмыш Биржа мүшелерінің "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 23 тармағындағы талаптарды, "Мерзімдік контракттардың биржалық сауда-саттық ережелері" атты KASE ішкі құжатының 15-2 тармағындағы талаптарды орындауына байланысты қабылданды. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша келесі KASE жаңалықтарды жарияланды: • 2010 жылдың 01 желтоқсанында "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Қазақстан) KASE мерзімдік нарық мүшелігіне қабылданды" http://www.kase.kz/ru/news/show/1123034 мекен-жай бойынша • 2010 жылдың 31 желтоқсанында "ОРДА Капитал" басқарушы компаниясы" АҚ (Қазақстан) KASE мерзімдік нарық мүшелігіне қабылданды" http://www.kase.kz/ru/news/show/1125514 мекен- жай бойынша [2011-01-12]