KASE кірістілігі Биржаның қолданыстағы нормативті базасына сәйкес анықталмайтын, облигациялардың нарықтық бағасын есептеу тәртібін анықтады

31.01.11 19:29
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Тәуекел комитетінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен кірістілігі қазіргі уақытта "Облигациялар кірісітілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесі" (Әдістеме, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf) атты Биржаның ішкі құжатына сәйкес, соның ішінде KASE сауда жүйесімен анықталмайтын, облигациялардың нарықтық бағасын есептеудің төменде баяндалған тәртібі анықталды. 1. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және жинақталған мүддені ескерген бағада биржада сатылатын ("таза емес" бағада) облигациялардың нарықтық бағасы аптасына бір рет, осы аптаның бірінші жұмыс күні – бағалау күні Алматы уақытымен 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша мынадай тәсілмен есептеледі: 1) алдағы күнтізбелік аптаның әрбір жұмыс күні үшін Bloomberg агенттігінің ақпараттық жүйесі мәліметтері бойынша аяқталу сәтінде тіркелген, әрбір атаулы облигацияларының сатып алуға және сатуға баға белгілеулері бағасының үздіктер "таза емес" бағасының орташа арифметикалық мәні есептеледі; 2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес анықталған, мәндерге қарай, аталмыш атаулы облигацияның "таза емес" бағасының орташа арифметикалық мәні анықталады, ол бағалаудың бүкіл кезеңіне белгіленеді. 2. Егер үшін Bloomberg агенттігінің ақпараттық жүйесінде Тәртіптің 1 тармағына сәйкес нарық бағаларын есептеуге қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, Тәртіптің 1 тармағында көрсетілген, облигациялардың нарықтық бағасы мынадай тәсілмен есептеледі: 1) аптаның алғашқы жұмыс күнінің алдыңғы он жұмыс күнінің әрбір соңғы күнінде Биржада үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен жүргізілген, сауда-саттықтар барысында берілген, әрқайсысының көлемі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2 000 еселік мөлшерінен кем түспейтін, ал аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер болған жағдайда, оларға осы мәртебе берілген күні белгіленген, міндетті баға белгілеуі минималды мөлшерінен кем түспейтін, аталған облигацияларды сатып алу өтінімдері іріктеледі; 2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес іріктелген, өтінімдердің ішінен, әрқайсысы кемінде 30 минут қолданыста болған, өтінімдер және әрқайсысының негізінде мәміле жасалған, өтінімдер немесе жалпы көлемі АЕК-тің 2 000 еселік мөлшерінен кем түспейтін, ал аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер болған жағдайда, оларға осы мәртебе берілген күні белгіленген, міндетті баға белгілеуі минималды мөлшерінен кем түспейтін, бірқатар өтінімдер іріктеледі; 3) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес іріктелген өтінімдердің ішінен, аптаның алғашқы жұмыс күнінің алдыңғы он жұмыс күнінің әрбір соңғы күнгі – бағалау күні бір өтінім іріктеледі, оған сәйкес аталған облигациялардың "таза емес" бағасы ең жоғарғы болып табылады; 4) облигациялардың нарықтық бағасы осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес іріктелген өтінімдердің "таза емес" бағасының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі және бағалаудың барлық кезеңіне орнатылады. 3. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және жинақталған мүддені ескермеген бағада биржада сатылатын ("таза" бағада), бірақ Әдістемеге сәйкес кірістілігі дұрыс есептелмейтін, облигациялардың нарықтық бағасы күн сайын, әрбір жұмыс күні Алматы уақытымен 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша анықталады. Бұл ретте әрбір атаулы облигацияларының нарықтық бағасы сыйақыны төлеу және аптасына бір рет осы аптаның бірінші жұмыс күні (бағалау күні) Алматы уақытымен 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша анықталатын облигациялардың таза бағасын бағалау күні жиналған, бірақ төленбеген сома ретінде мынадай тәсілмен есептеледі: 1) алдағы күнтізбелік аптаның бағалау күнінің әрбір жұмыс күні үшін Bloomberg агенттігінің ақпараттық жүйесі мәліметтері бойынша аяқталу сәтінде тіркелген, әрбір атаулы облигацияларының сатып алуға және сатуға баға белгілеулері бағасының үздіктер "таза" бағасының орташа арифметикалық мәні есептеледі; 2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес анықталған, мәндерге қарай, аталмыш атаулы облигацияның "таза емес" бағасының орташа арифметикалық мәні анықталады, ол бағалаудың бүкіл кезеңіне белгіленеді. 4. Егер үшін Bloomberg агенттігінің ақпараттық жүйесінде Тәртіптің 3 тармағына сәйкес нарық бағаларын есептеуге қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, Тәртіптің 3 тармағында көрсетілген, облигациялардың нарықтық бағасы мынадай тәсілмен есептеледі: 1) аптаның алғашқы жұмыс күнінің алдыңғы он жұмыс күнінің әрбір соңғы күнінде Биржада үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен жүргізілген, сауда-саттықтар барысында берілген, әрқайсысының көлемі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2 000 еселік мөлшерінен кем түспейтін, ал аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер болған жағдайда, оларға осы мәртебе берілген күні белгіленген, міндетті баға белгілеуі минималды мөлшерінен кем түспейтін, аталған облигацияларды сатып алу өтінімдері іріктеледі; 2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес іріктелген, өтінімдердің ішінен, әрқайсысы кемінде 30 минут қолданыста болған, өтінімдер және әрқайсысының негізінде мәміле жасалған, өтінімдер немесе жалпы көлемі АЕК-тің 2 000 еселік мөлшерінен кем түспейтін, ал аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер болған жағдайда, оларға осы мәртебе берілген күні белгіленген, міндетті баға белгілеуі минималды мөлшерінен кем түспейтін, бірқатар өтінімдер іріктеледі; 3) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес іріктелген өтінімдердің ішінен, аптаның алғашқы жұмыс күнінің алдыңғы он жұмыс күнінің әрбір соңғы күнгі – бағалау күні бір өтінім іріктеледі, оған сәйкес аталған облигациялардың "таза емес" бағасы ең жоғарғы болып табылады; 4) облигациялардың "таза" бағасы осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес іріктелген өтінімдердің "таза" бағасының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі және бағалаудың барлық кезеңіне орнатылады. 5. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және биржада "таза емес" бағада сатылатын облигациялардың нарықтық бағасы аптасына бір рет, осы аптаның бірінші жұмыс күні – бағалау күні Алматы уақытымен 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша, осы Тәртіптің 2 тармағында белгіленген тәртіпте есептеледі. 6. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және биржада "таза" бағада сатылатын, бірақ Әдістемеге сәйкес кірістілігі дұрыс есептелмейтін, облигациялардың нарықтық бағасы күн сайын, әрбір жұмыс күні Алматы уақытымен 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша анықталады. Бұл ретте әрбір атаулы облигацияларының нарықтық бағасы сыйақыны төлеу және аптасына бір рет осы аптаның бірінші жұмыс күні (бағалау күні) Алматы уақытымен 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша анықталатын облигациялардың таза бағасын бағалау күні жиналған, бірақ төленбеген сома ретінде, осы Тәртіптің 4 тармағында белгіленген тәртіпте есептеледі. Тәртіп Әдістеменің 23 тармағы 3) Тармақшасының негізінде 2010 жылдың 31 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінде тұрған, мынадай облигацияларға қолданылады: – "Альянс Банк" АҚ (Алматы) XS0495755562 (XS0495755646, ASBNe8), XS0496645085 (XS0496645242, ASBNe9), XS0495756370 (XS0495756453, ASBNe11), XS0496645671 (XS0496645838, ASBNe12), XS0496645911 (XS0496646059, ASBNe13) халықаралық беймемлекеттік облигацияларына; – "БТА Банк" АҚ (Алматы) XS0532990677 (BTASe11), XS0532995049 (BTASe15), XS0532988770 (BTASe11) халықаралық беймемлекеттік облигацияларына; – "Конденсат" АҚ (Ақсай, Батыс-Қазақстан облысы) KZ2C0Y05C192 (KONDb1) ішкі облигацияларына. KASE Тәртіпті Әдістемеге тиісті өзгертулер мен толықтыруларды қолданысқа енгізгенге дейін қолданатын болады.