06 қаңтардан бастап KASE қайталама нарық секторында "Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) XS0262468654 (KKGBe21) және XS0305204595 (KKGBe22) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

05.01.11 18:21
/KASE, 05.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2010 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) келесі халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады: - XS0262468654 ($200,00 млн; 27.07.06 – 27.07.16, құбылмалыжартыжылдық купон, 27.06.11 дейн – жылдық 8,625 %, осыдан кейін – АҚШ Казнашылығының мөлшерлемесі + 5,265 % жылдық; 30/360); - XS0305204595 ($250,00 млн; 13.06.07 – 13.06.17, құбылмалы жартыжылдық купон, 13.06.12 дейін – жылдық 8,50 %, осыдан кейін – АҚШ Казнашылығының мөлшерлемесі + 5,25 % годовых; 30/360); KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі әр шығарылым бойынша қарыздық атаулы мағынасы 19 200 АҚШ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2010 жылдың 03 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/kkgbмекен-жайы бойынша жарияланған.