"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ 05 ҚАҢТАРЫНАН 31 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН биржада бір акцияға 19 253,25 теңгемен өзінің KZ1P51460114 (RDGZp) артықшылықты акцияларын сатып алды

31.01.11 18:28
/KASE, 31.01.11/ – 2011 жылдың 05 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін KASE сауда-саттық жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) KZ1P51460114 артықшылықты акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) бойынша сегізінші арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы уәкілетті сатып алушы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болды. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ артқышылықты акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 4 136 107 дана. Сатып алушы қағаздардың айтылмыш санынан 100 % сатып алуды көздейді. Сауда-саттыққа 25 KASE мүшесі қатысты, олардан 253 өтінім түсті, өтінімдерді беру кезеңінің аяқталуы сәтіне аталған өтінімдердің 246 855 артықшылықты акцияның сатылымына 230 өтінімі ғана белсенділігін сақтап қалды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде 14,5 % брокерлік-дилерлік компанияларға, 85,5 % олардың клиенттеріне тиесілі болды. Сауда-саттық қорытындысы бойынша сатып алушы кесімді бағаны бір акция үшін 19 253,25 тенге деп белгіледі және 236 430 акцияның сатылымына 200 өтінімді қанағаттандыру ниетін Биржаға растады. Есептесулер сәтті жүзеге асқан жағдайда сатып алу сомасы 4 552 045 897,50 теңгені (баламасы ағымдағы биржалық бағам бойынша 30 993 708,02 АҚШ долларына тең). Аталмыш мамандандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер бойынша есептесулер 2011 жылдың 03 ақпанында жүзеге асырылатынын (Т+3 есептесулер сызбанұсқасы бойынша) еске саламыз. Сегіз сауда-саттық нәтижесі бойынша (2010 жылдың 09, 10 наурызы, 11 наурызы – 09 сәуірі, 30 сәуірі – 28 мамыры, 01–30 шілдесі, 01–30 қыркүйегі, 01-30 қарашасы, 2011 жылдың 01-31 қаңтары) артықшылықты акциялардың жалпы саны 1 582 643 дананы құрады, олардың сатып алынғандығын сатып алушы құжаттармен растады. Аталған сауда-саттықтар "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Алдында хабарланғандай, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бойынша бағдарламасын бекітіп, биржада қолданылатын ережелерге сәйкес, KASE отыз күндік арнайы мамандандырылған сауда-саттығында жекеленген ретті серияларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бағдарламаны 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ тиісті баспасөз-релизі http://www.kase.kz/news/show/1097005 мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/shares/show/RDGZp мекен-жайы бойынша жарияланған