ALTIUS HOLDINGS INC компаниясы (Канада) 2011 жылдың 01 қаңтарына өзінің акционерлері туралы мәліметтерді KASE-ге ұсынды

28.01.11 17:47
/KASE, 28.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ALTIUS HOLDINGS INC компаниясы (Калгари, бұдан әрі – компания) 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша өзінің акционерлері туралы мәліметтерді KASE-ге ұсынды. Компанияның мәліметтеріне сәйкес компанияның жалғыз акционері Altius Energy Limited (Біріккен Корольдік, Лондон) юолып табылады, оның иелігінде компанияның 182 644 452 акциясы бар.