"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің еншілес ұйымы "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ қызметінің нәтижелерін хабарлады

18.01.11 17:48
/KASE, 18.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 18 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынды, онда былай деп хабарланған: цитата басы «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100%- ды еншілес ұйымы) қазақстандық МӨЗ-де мұнай өңдеудің соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштері туралы хабарлайды. 2010 жылы Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытында 13,7 млн. тонна шикі мұнай өңделген, бұл жоспары көрсеткіштен 570 мың тоннаға немесе 4,35%-ға артық. Бұл ретте, мұнайды нақты өңдеудің 2009 жылғы көрсеткіші 1,6 млн. тонна болып, соңғы бірнеше жылдағы өзіндік рекордты көрсетіп отыр. Айталық «АМӨЗ» ЖШС үшін – ең жоғары көрсеткіш (4,3 мон.тонна) 1996 жылдан бастап (4,45 млн. тонна), «ПКОП» ЖШС үшін (4,6 млн.тонна) – 1993 жылдан бастап (4,96 млн.тонна), ал «ПМХЗ» АҚ үшін (4,8 млн. тонна) – 1993 жылдан бастап (5,17 млн. тонна) . цитата соңы Аталған баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_180111.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.