/KASE, 18.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде
тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 18
қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынды, онда былай деп
хабарланған:
цитата басы
«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100%-
ды еншілес ұйымы) қазақстандық МӨЗ-де мұнай өңдеудің соңғы жылдардағы
жоғары көрсеткіштері туралы хабарлайды.
2010 жылы Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытында 13,7 млн.
тонна шикі мұнай өңделген, бұл жоспары көрсеткіштен 570 мың тоннаға
немесе 4,35%-ға артық.
Бұл ретте, мұнайды нақты өңдеудің 2009 жылғы көрсеткіші 1,6 млн. тонна
болып, соңғы бірнеше жылдағы өзіндік рекордты көрсетіп отыр. Айталық
«АМӨЗ» ЖШС үшін – ең жоғары көрсеткіш (4,3 мон.тонна) 1996 жылдан бастап
(4,45 млн. тонна), «ПКОП» ЖШС үшін (4,6 млн.тонна) – 1993 жылдан бастап
(4,96 млн.тонна), ал «ПМХЗ» АҚ үшін (4,8 млн. тонна) – 1993 жылдан бастап
(5,17 млн. тонна) .
цитата соңы
Аталған баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_180111.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.