«Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) оңтүстік-қазақстан облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандығын хабарлады
20.01.11 17:29
/KASE, 20.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған, «Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкі (Алматы) KASE-ге
баспасөз-хаттамасын ұсынып, хабарлады:
цитата басы
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өзара
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі
орынбасары Ерлан Қуанышұлы Айтаханов және «Жинақ банкі» АҚ ЕБ
Басқарма Төрағасы Олег Евгеньевич Смирнов қол қойды. Бұл меморандум
облыстың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру шегінде
стратегиялық серіктестікті дамытуды қарастырады.
Тараптар агроөнеркәсіптік сектордағы, қайта өңдеу, шығару және басқа да
аймақтың өнеркәсіп салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп
жүзеге асыруға, сонымен қатар, шағын және орта бизнесті кредиттеу,
болашағы бар өнеркәсіп кәсіпорындарды кредиттеу, ақпаратты технологияларды
және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлесіп жобалар жасауға
келісті. Облыстың экспортер-кәсіпорындарына және әлеуметті маңызы бар
жобаларына ерекше көңіл бөлінеді.
«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен меморандумға қол қойғанымыз
Қазақстан Республикасы Президентінің аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық дамуын қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бойынша
маңызды қадам. «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің осыған белсенді қатысып жатқанына
мен өте қуаныштымын», - деп айтып кетті кездесу қорытындылары бойынша
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқарма Төрғасы Олег Смирнов.
Банктің Шымкент қаласында жаңа филиалын ашу шегінде жасалған «Жинақ
банкі» АҚ ЕБ және ОҚО әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы
меморандум.
Ақпарат алу мәселесі бойынша
Татьяна Шевченко
Тел.: +7 (727) 266 80 79
Моб.: +7 777 618 10 13
E-mail: press@sberbank.kz
цитата соңы