KASE БИРЖА МОЙЫНДАЙТЫН ЖӘНЕ АӨҚО ҚҚРА БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫНА САЙ АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

21.01.11 16:36
/KASE, 08.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Эмитенттердің қаржылық есеп берушілігі мен аудиті жөніндегі Биржалық кеңесінің шешімімен 2011 жылдың 21 қаңтарынан бастап KASE мойындайтын аудиторлық ұйымдарға тізімге мынадай аудиторлық ұйымдар енгізілді: - "БЕЙКЕР ТИЛЛИ ЕЛТАЛ КАЗАХСТАН" ЖШС (Алматы); - "Соломон" Аудиторлық ұйымы" АҚ (Алматы). Аталмыш ұйымдар осы тізімге олардың Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі (АӨҚО ҚҚРА) Төрағасының 009 жылдың 20 қазанындағы "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын айналысқа жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын бірліктілік талаптарын бекіту туралы" # 04.2-44/172 бұйрығымен бекітілген, біліктілік талаптардың 2 тармағындағы талаптарға сәйкес келуіне байланысты енгізілді. KASE мойындайтын және аталған біліктілік талаптарына сай аудиторлық ұйымдардың жаңартылған тізімі KASE өз веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/list_audit_210111.pdf жариялады. Қазақстан қор биржасы (KASE) өз веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/list_audit_101110.pdf мекен- жайы бойынша, KASE мойындайтын және қаржы құралдарын Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына айналысқа жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сай аудиторлық ұйымдардың жаңартылған тізімін жариялады.