"АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

10.01.11 17:08
/KASE, 10.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Регистратор "Зерде" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C39070012 жай акциялары) жалпы саны 200 800 дана; - компанияның 2 255 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз акционері және, тиісінше, жалғыз тұлға "АБДИ ГРОУП" ЖШС (Алматы) болып табылады.