EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, біріккен корольдік) 2011 жылға қарағанды облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандығын хабарлады

20.01.11 17:02
/KASE, 20.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 20 қаңтарындағы баспасөз-хаттамасын KASE-ге ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін ENRC корпорациясы және Қарағанды облысының әкімдігі арасында 2011 жылға әлеуметтік жобаларды ж.зеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Сонымен облыс әкімі Серік Ахметов және ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис аймақты дамытуды қолдау бойынша күштерді біріктіруге екі жақтың дайындығын нығайта түсті. Тұрақтанып қалған тәжірибеге сәйкес, ENRC аймақ үшін маңызды экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени жобаларды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді жыл сайын өз мойнына алады. Тек 2008 – 2010 жылдар аралығында компания "Сары-Арқа" тұрғын үй кешенінің құрылысы, Қарағанды қаласындағы жаңа емхананы қаржыландыру, аймақтық инфрақұрылымды дамыту және т.б. сияқты ірі жобаларға екі млрд. теңгеден астам қаражат жұмсады. 2011 жылы Меморандум сомасы 717,3 млн. теңгені құрады. Қаржыландыруды "ENRC Көмек" Корпоративті қоры және ENRC қазақстандық кәсіпорындары жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың ірі жобаларының арасында Қарағанды қаласындағы жаңа мешіттің құрылысын ерекше атап кеткен жөн, оның құрылысына 130 млн. теңгеде жұмсалмақ, сондай-ақ Теміртау қаласындағы ҚР Бірінші Президентінің мұражайының құрылысына ерекше назар аударады, оған компания 300 млн теңге бөлді. Алдыңғы жылдардағыдай, компания мәдени, оқыту және қоғамдық ұйымдарға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге міндеттелді. Сондай-ақ ENRC жыл сайын мұндай меморандумдарды Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының атқарушы органдарымен жасасады. 2010 жылы мемлекеттің төрт аймағы бойынша жасалған меморандумдар аясында жобалардың жалпы сомасы 5 млрд теңгені құрады. Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз: ENRC Қазақстан, Астана қ., Корпоративті коммуникациялар департаменті т/ф. +7 (7172) 59 21 53 press@kz.enrc.com ENRC PLC, Лондон қ. Юлия Кальчева Қоғаммен байланыс бөлімі бастығының орынбасары т/ф. +44 (0) 20 738 91 861 julia.kalcheva@enrc.com