"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C0Y10D596 (KMGZb2) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,95469 % құрады
19.01.11 15:55
/KASE, 19.01.11/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы)
Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің теңгенің АҚШ долларына
девальвациясы дейңгейі бойынша индекстелген KZ2C0Y10D596
облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb2; 1 000 теңге, 120,0
млрд теңге; 31.10.09 – 30.10.19, құбылмалы жартыжылдық купон)
төртінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,95469 %
көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады.
Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 19 қаңтарына дейін) аталмыш
облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,23 % пайызды
құраған.