17 қаңтардан бастап KASE қайталама нарық секторында "БТА Банк" АҚ (Қазақстан) XS0532988770 (BTASe7), XS0532990677, (BTASe11), XS0532995049, (BTASe15) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

14.01.11 16:20
/KASE, 14.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 17 қаңтарынан бастап KASE қайталама нарық секторында "БТА Банк" АҚ (Алматы) мынадай халықаралық облигациялары бойынша сауда- саттық ашылды: - XS0532988770, XS0532989588 (BTASe7; 2 082 371 783 долларов США, 01.07.10 – 01.07.18, жартыжылдық купон, жылдық 10,75 % - 31.12.12 дейін, бұдан кейін – жылдық 12,50 %, 30/360); - XS0532990677, XS0532990750 (BTASe11; 496 631 368 АҚШ доллары, 01.07.10 – 01.07.25, жарты жылдық купон жылдық 7,20 %, 30/360); - XS0532995049, XS0532996799 (BTASe15; 5 221 494 216 АҚШ доллары, айналыс басы – 01.07.10, өтеу кезеңі – 2020-2022 жылдары, қайта қалпына келтіру бойынша төлемдер сомасы – әр жылдың 31 желтоқсаны, 31 науырызы, 30 маусымы және 30 қаркүйегі, 2010 жылдың 31 желтоқсанынан бастап). KASE сауда-саттық жүйесінде BTASe7 және BTASe11 облигацияларының баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға, ал BTASe15 облигацияларының "таза емес" бағасының үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы" "БТА Секьюритис" АҚ (Алматы) атқарады, әрбір шығарылым бойынша берешектің номиналды көрсетілімдегі міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 19 200 АҚШ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/btas мекен-жайы бойынша жарияланған.