"АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C804 (ABDIb1) облигациялары бойынша 3-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

13.01.11 15:33
/KASE, 13.01.11/ – "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 12 қаңтарында өзінің KZ2C0Y05C804 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 08.01.08 – 08.01.13; инфляция деңгейіне индекстелген жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 9,00 %, 30/360) үшінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 250 688 160,00 теңгені (төлем көзінен ұстап қалатын, кіріс салығын есептегенде) құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.