"HALYK FINANCE" АҚ "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ғалами облигацияларын бастапқы қосымша орналастырудың нәтижелерін жариялады
26.01.11 17:21
/KASE, 26.01.11/ – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) халықаралық
облигацияларының шығарылымы бойынша Бірлескен Жетекші Менеджері
болып табылатын, "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес
ұйымы" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ақапараттық
хабарлама ұсынып, былай деп мәлімдеді.
"Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ, жалпы
сомасы 2 млрд. АҚШ долларына орта мерзімдік ноталарды шығару бойынша
Эмитент Бағдарламасы аясында шығарылған және шетелдік мемлекеттің
заңнамасына сәйкес тіркелген, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Эмитент)
Еурооблигацияларын (Облигацияларын) бастапқы қосымша орналастыру
нәтижелерін хабарлайды.
2011 жылдың 26 қаңтарында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ өз
облигацияларының қосымша эмиссияларымен нарыққа сәтті шықты. Ғалами
алғы камсыздандырылмаған еурооблигациялар S қағидасына/ 144А ережесіне
сәйкес 2 млрд. АҚШ долларына орта мерзімдік облигациялық бағдарлама
аясында шығарылды. Қазақстандық заңнамаға сәйкес шетел мемлекеттерінің
территориясында Облигацияларды орналастырумен қатар Қазақстан
Республикасы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алу
үшін қазақстандық инвесторларға ұсынылды. Қазақстан Республикасының
территориясында өтінімдерді жинау 26 қаңтарда Алматы уақытымен
12.00-ден 13.00-ге дейін жүргізілді. Бұрындары, 2010 жылдың 20
желтоқсанында Эмитенттің аталмыш бағдарлама аясында 5 жылдық
мерзіммен жалпы сомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайтын, жылдық 5,5%
купондық мөлшерлемесі бар еурооблигацияларды шығарғанын атап
кетпекпіз.
Ғалами өтінімдер сұрыпталғаннан кейін, Эмитент өтеуге кірістілік бойынша
кесімді бағаны 4,95% деңгейінде орнатты. Қосымша эмиссияның жалпы
көлемі 277 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық инвесторларға жалпы
атаулы құны 25 млн. АҚШ долларын құрайтын (қосымша эмиссияның жалпы
көлемінен 9%-дан астамы) Облигациялар бөлінді, KASE арқылы қазақстандық
инвесторлардың берген, өтініштерінің жалпы көлемі 205 млн. АҚШ долларына
тең. Бұл ретте, барлық өтінімдердің 97,6% коммерциялық банктерге, ал 2,4%
брокерлік-дилерлік компанияларға тиесілі.
ОБЛИГАЦИЯЛАР ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------- ------------------------------------------
Эмитент атауы: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
Рейтингтері: S&P: BBB
Moodys: Baa3
Fitch: BBB-
Атаулы құн бойынша
шығарылым сомасы: U.S.$277,000,000
Есептесулер күні: 2011 жылдың 01 ақпаны
Өтеу күні: 2015 жылдың 20 желтоқсаны
Орналастыру бағасы: 102.355%
Купон мөлшерлемесі: 5.50%
Купонды төлеу күні: әр жылдың 20 маусымы және
20 желтоқсаны
Қосымша орналастыру кезінде
өтеуге кірісітлік: жылдық 4.95%
Купон сомасын есептеу кезінде
уақытша база: 30/360
Шығарылым формасы: 144A ережесі / S қағидасы
Деноминациясы: U.S.$200,000 немесе одан жоғары
номинал, еселік $1,000
Бірлескен букраннері: Citi, Deutsche Bank and J.P. Morgan
Бірлескен Жетекші Менеджері:
Halyk Finance
Облигациялар мәртебесі: Алғы, қамсыздандырылмаған
Реттеуші құқық: Ағылшындық
Листинг: Облигациялар Бірлескен Корольдіктің
Листингілік Басқармасының ресми тізіміне
енгізіледі және Лондон Қор Биржасының
Ұйымдастырылған Нарығындағы сауда
саттықтарға жіберіледі деп күтілеуде.
Облигациялар Қазақстан қор биржасының
"рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар"
санатына енгізілді.
------------------------------------------------------------------------
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
экономикасының шикізаттық емес секторын қаржыландыру бойынша
инвестициялық институты болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
акцияларының 100 пайызы "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на
тиесілі.