"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 2011 жылдың VII қысқы Азия Ойындарының басты колбасын өзінің кеңсесінде сақтауға тапсырылғандығын хабарлады

12.01.11 16:28
/KASE, 12.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 12 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, хабарлады: цитата басы Бүгін Алматыда VII қысқы Азиялық олимпиада ойындары Алау отының басты колбасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бас кеңсесінде сақтауға тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. Азиаданың Алау оты орналастырылған басты колбаны Азия ойындары Дирекциясы өкілінің қолынан Банк Басқармасының төрағасы Ү.Шаяхметова қабылдап алып, арнаулы тұғырға орнатты. 2011 жылдың 12 қаңтарынан бастап қысқы олимпиада ойындары аяқталатын 6 ақпанға дейінгі мерзімде Алау оты Халық Банкінің Алматыдағы Бас кеңсесінен арнайы бөлінген залында сақталатын болады. Азиаданың Алау отын сақтаушы атануға үміткерлер арасынан неғұрлым сенімді банк ретінде Халық Банкінің таңдалуы кездейсоқ емес: тұрғындардың да, мемлекеттік мекемелер мен іскерлер тобының да Банкке деген сенімділік деңгейі жоғары, еліміз бойынша Банктің филиалдар желісі барынша кең таралған. Күтпеген жерден тосын жағдайлар орын алуы мүмкін болса, ұйымдастырушылар дәл осы колбаны пайдалану арқылы Азиада алауының отын қайта тұтата алады. Басты колбаны күзету Халық Банкінің және Алау эстафетасы Дирекциясының қауіпсіздік қызметінің күшімен және техникалық құралдарымен жүзеге асырылады. Алау оты орнатылған шыны сауытты жұртшылық Азиада өтетін мерзім ішінде күн сайын сағат 9-дан 20-ға дейін тамашалай алады. Тілек білдірушілердің Алау отының жанында фотоға түсу мүмкіндігі де болады. Интернет желісін пайдаланушылар Азиада алау отының басты колбасын Халық Банкінің корпоративтік сайтындағы арнаулы бөлімнен көре алады: www.halykbank.kz. Алау отының тағы бір негізгі колбасы чартерлік рейспен Қазақстанның облыс орталықтары бойынша тасымалданып жүреді. Алау отының эстафеталық бағдары жүріп өтетін қалаларда негізгі колба Халық Банкінің облыстық және өңірлік филиалдарында сақталатын болады және Алауды алып өтушілердің қолына беріліп отырады. Азиада аясында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Алау эстафетасы қаңтар айының 12-сі мен 30-ы аралығында өтеді. Алау отын Алматы қаласында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткізілгеннен кейін Эстафета Оңтүстік астана көшелерімен жүріп өтіп, одан әрі Қазақстанның облыс орталықтарына бет алады, ал қаңтардың 30-ы күні Астана қаласында өз мәресіне жетеді, сөйтіп осындай кең ауқымды шараға республика халқы түгелдей дерлік куә бола алады. Еліміздің барлық өңірін қамтитын Алау эстафетасына лайықты деп танылған мыңдаған алау отын алып өтуші қатысады, олардың қатарында Халық Банкінің атынан шағын және орта бизнес клиенттері арасынан және Банк қамқорлығындағы балалар мекемелерінен өкіл ретінде 50 адам тартылмақшы. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары Алау отының басты колбасын Халық Банкіне сақтауға тапсыру рәсімі Алау эстафетасының дирекциясы мен Қазақстан Халық Банкінің арасында бұған дейін бекітілген серіктестік туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылды. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы.