KASE "РТ Холдинг" АҚ (Қазақстан) екі шығарылымының облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

31.01.11 16:55
/KASE, 31.01.11/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Тәуекелдік комитеті 2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап "РТ Холдинг" АҚ (Алматы) мынадай облигацияларын KASE_BY, KASE_BP и KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады: KZ2P0Y05C439 (KSMKb1; 1 000 теңге, 1,3 млрд теңге; 20.03.07 – 20.03.12, инфляция деңгейімен индекстелінген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,90 %; 30/360); KZPP1Y05C357 (KSMKb2; 1 000 теңге, 1,3 млрд теңге; 06.11.07 – 06.11.12, инфляция деңгейімен индекстелінген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,90 %; 30/360). Аталған облигациялар KASE_B* сериясы өкілетті тізімінен KASE ресми тізімінен алып тасталғандығына байланысты алып тасталды. 2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0024277 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, 0,9999324, KASE_BY – 1,4819592. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 1,0023820, KASE_BC үшін – 0,9998808 және KASE_BY үшін - 1,4788241 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. Аталмыш индекстердің барлығын KASE күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеледі. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұрындары тақырып бұл бойынша 2011 жылдың 31 қаңтарында "2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап "РТ Холдинг" АҚ (Қазақстан) KZ2P0Y05C439 (KSMKb1) және KZPP1Y05C357 (KSMKb2) облигациялары KASE ресми тізімінен алып тасталды" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1127751 мекен-жайы бойынша жарияланды.