"SAT & Company" АҚ (Қазақстан) ShalkiyaZinc N.V.-мен $50 млн сомасына мәмілені аяқтау мерзімін ұзартқандығын хабарлады

11.01.11 16:03
/KASE, 11.01.11/ – Бағалы қағаздар Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "SAT & Company" АҚ (Алматы) 2010 жылдың 15 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасының аудармасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "SAT & Company" (SAT & Company) АҚ және ShalkiyaZinc N.V. (ShalkiyaZinc) хабарлайды: SAT & Company-дың ShalkiyaZinc-қа жаңа акциялардың орнына ShalkiyaZinc-қа $50 миллионды болмажамалы инвестициялау белгіленген тәртіпте жүзеге асуда. Болжалмалы мәмілені аяқтау үшін Қазақстан Үкіметінің Жаңа акцияларды сатып алуға өзінің басымдылық құқығына қатысты бас тартуын (Бас тарту) алу қажеттілігі әлі күнге дейін туындап отыр. Қазіргі уақытта Үкімет тау-кен өндірісі секторы компанияларының акцияларын сатып алудың басымдылық құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі комиссияны (Ведомствоаралық комиссия) құрудың соңғы кезеңінде. Нәтижесінде бас тартуға қол жеткізуге қатысты ShalkiyaZinc өтініші бойынша Жаңа Ведомствоаралық комиссияның рұқсатын алу күтілуде. SAT & Company және ShalkiyaZinc Үкіметтің өзінің басымдылық құқығынан бас тартатынына сенімді, алайда нық сенімді болу үшін екі тарап та Болжалмалы мәмілеге арналған мерзімнің бұрын қарастырылған аяқталу күнін 2010 жылдың 31 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 науырызына ұзартуға келісті. Бас тарту күтілетін, Божалмалы мәміле аяқталғанннан кейін, ShalkiyaZinc және SAT & Company сатып алуға міндетті ұсыныс жасау туралы ресми хабарлайды. Қосымша мәлімет, басшылықты және корпоративті басқарудың жоғарғы стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында ShalkiyaZinc және оның кәсіби кеңесшілері жаңа директорлармен ShalkiyaZinc қызметі және жүйелерін таныстыра бастайды және оларға кабинеттер дайындауды. Болжалмалы мәмілеге қатысты қосымша ақпарат ShalkiyaZinc акционерлеріне арналған 2010 жылдың 5 тамызындағы циркулярынан алыну мүмкін (оны http://www.zinc.kz/eng/40.htm сілтемесі бойынша алуға болады)(акционерлер циркуляры). Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз: ShalkiyaZinc N.V. Марат Саркытбаев, Бас Директор тел. +7 7272 259 0067 АО "SAT & Company" Capital MS$L: Клэр Мэлони тел. +44 (0) 207 307 5341/+44 (0) 7770 958 479 Аталмыш баспасөз-хабарламасының ағылшын тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satc_reliz_151210_eng.pdf бойынша танысуға болады.