KASE БИРЖА МОЙЫНДАЙТЫН ЖӘНЕ АӨҚО ҚҚРА БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫНА САЙ АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

21.01.11 15:23
/KASE, 21.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өз веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/list_audit_210111.pdf мекен- жайы бойынша, KASE мойындайтын және қаржы құралдарын Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына айналысқа жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сай аудиторлық ұйымдардың жаңартылған тізімін жариялады. Аудиторлық ұйымдардың тізімі "ТАБЫС консалт" ЖШС (Алматы) аталмыш біліктілік талаптарға сәйкестік туралы тұжырымының қолданыста болу мерзімі аяқталуына байланысты жаңартылды. Бүгінгі таңда аталмыш талаптар Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі (АӨҚО ҚҚРА) Төрағасының, 2010 жылдың 20 қаңтарынан бастап күшіне енген, 2009 жылдың 20 қазанындағы "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын айналысқа жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын бірліктілік талаптарын бекіту туралы" # 04.2-44/172 бұйрығымен белгіленген. Айтылмыш бұйрыққа сәйкес, АӨҚО ҚҚРА аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерген, АӨҚО ҚҚРА 2008 жылдың 03 сәуіріндегі "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын айналысқа жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын Бірліктілік талаптарын бекіту туралы" # 04.2-09/78 бұйрығы өз күшін жойды деп танылды. Осы тексеру нәтижесі бойынша оң тұжырымы беріліп, аудиторлық ұйым АӨҚО ҚҚРА біліктілік талаптарына сай аудиторлық ұйымдар тізіміне бір жыл мерзіміне тұжырым берген күннен бастап) енгізілген. Бұйрықтың 3 тармағына сәйкес, бұйрық өз күшіне енгенге дейін аудиторлық ұйымдардың АӨҚО ҚҚРА біліктілік талаптарына сәйкестігі турады тұжырымдар, осы тұжырымдарда көрсетілген мерзімдерінің соңына дейін қолданыста болады.