ҚҚА "RG Brands" ақ (қазақстан) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті
18.01.11 15:50
/KASE, 18.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) Қазақстан
Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу
агенттігінің (ҚҚА) 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы ескертпе хатының
көшірмесін Биржаға ұсынды.
Аталған құжатқа сәйке:
- ҚҚА компания акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті
бекітті;
- Шығарылым 3 600 000 жай және 1 200 000 артықшылықты акция
шығарылымына бөлінді;
- акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік
тізіліміне А4631 нөмірі бойынша енгізілді;
- 2010 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша компанияның 3 452 730 жай
және 750 000 артықшылықты акциясы орналастырылды, олардың жарғылық
капиталы 2 740 296 000 теңге көлемінде құрастырылды.