"Қазақстан қағазы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

13.01.11 15:09
/KASE, 13.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан қағазы" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР-СЕРВИС" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C45260011 жай акцияларының жалпы саны 6 560 751 дана, артықшылықты KZ1P45260117 акциялар саны – 2 186 917 дана; - компанияның 6 557 459 жай акциясы орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Kagazy Investments" АҚ (Алматы) болып табылады.