"Астана Газ Сервис" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY05B893 (ASZSb1) облигациялары айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
25.01.11 16:17
/KASE, 25.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 25
қаңтарынан бастап "Астана Газ Сервис" АҚ (Астана) KZ2CKY05B893
дисконтты облигациялары (ASZSb1; 10 000 теңге, 289,0 млн теңге;
25.01.06 – 25.01.11; actual/365) айналыста болу мерзімінің
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "В" санаты бойынша
2006 жылдың 13 маусымынан бастап енгізілген, ал 2008 жылдың
01 қыркүйегінен бастап "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылды.
Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 14 маусымынан бастап
ашылды.
Аталмыш облигациялардың Биржада айналыста болу мерзімінде
олармен мәміле жасалған жоқ.