"АБДИ Компани" АҚ KZ2C0Y05C804 (ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,80 % құрады

10.01.11 16:19
/KASE, 10.01.11/ – "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2C0Y05C804 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 08.01.08 – 08.01.13, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) 2011 жылдың 08 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 08 қаңтарына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,80 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 08 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,20 % пайызды құраған.