"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

19.01.11 15:07
/KASE, 19.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C51460018 жай акцияларының жалпы саны 70 220 935 дана, артықшылықты KZ1P51460114 акциялар саны – 4 136 107 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компания өзінің 110 632 жай акциясын және 1 346 213 артықшылықты акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде компанияның 43 087 006 жай акциялары (компанияның орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 57,95 % немесе орналастырылған компанияның жай акцияларының 61,36 %) бар. "Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес аталған күні банктің 26 496 899 жай акциясының меншік иелері туралы ақпарат ашылмаған.