"RESMI" ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ҮЙІ" АҚ "КАЗИНВЕСТБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C35620018 (KIBN) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША БИРЖАДА МАРКЕТ-МЕЙКЕР МӘРТЕБЕСІНЕН БАС ТАРТТЫ

24.01.11 13:00
/KASE, 24.01.11/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының шешімімен (KASE) "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап "Казинвестбанк" АҚ (Алматы) KZ1C35620018 жай акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, KIBN) бойынша маркет- мейкер міндеттерін атқарудан босатылды. Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 5 бабы 16 тармағына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды.