/KASE, 31.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands)
2011 жылдың 11 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып,
былай деп хабарлады.
Бүгін Тетис Петролеум Лимитед (бұдан ары – "Тетис" немесе "Компания"
(TSX:TPL)) "Дорис" кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану
жобасының келісілгенін жариялап, өткізіліп жатқан операциялар бойынша
және Қазақстанда болашақта жоспарланған бұрғылау жұмыстары жөніндегі
жаңартылған ақпаратты ұсынды.
Негізгі жайттар:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тәжірибелік-
өнеркәсіптік жобамен келісуі.
- "Дорис" мұнай кенін егжей-тегжейлі барлауда және бұдан арғы барлау
нысандарына негіз болып табылатын, үш өлшемді және екі өлшемді
сейсмикалық барлау бағдарламасы аяқталды.
- "Дорис" кен орнында жасалған жаңа үш өлшемді түсірілімнің нәтижесінде
мындай екі бағалау ұңғырмасы таңдалды (АКД-04 және АКД-05); олардың
біріншісін бұрғылау 2011 жылғы ақпанның басына белгіленіп отыр.
- Аккула блогында бұдан арғы барлау нысандары анықталды.
- 2011 жылғы ақпанның басында АКД-03 ұңғымасын сынақтан өткізу
бағдарламасына кірісу жоспарлануда.
- АКД-02 және Г6 ұңғымаларын сынақтан өткізу радиалды бұрғылауды
қолдану арқылы жүзеге асырылмақ.
- KУЛД-01 (Калипсо) ұңғымасында 300 метр тереңдікте колонналар
орнатылды; бұрғылауды бастау жоспарлануда.
"ТетисАралГаз" ЖШС (ТАГ), Компанияның жүз пайыз еншілес компаниясы,
Аккулка блогында орналасқан, "Дорис" мұнай кенін тәжірибелік-
өнеркәсіптік пайдалану жобасына Мұнай және газ министрлігінің
келісімін алды.
Tethys Petroleum Limited баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен
http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_110111.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.