"HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

20.01.11 15:12
/KASE, 20.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "HOMEBROKER" АҚ (Алматы, бұдан әрі –компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР-СЕРВИС" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C50820014 жай акциясы) акцияларының жалпы саны 630 000 дана; - компанияның 325 310 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "HOMEFINANCE" ЖШС (Алматы) болып табылады.