"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

24.01.11 12:47
/KASE, 24.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған ( тек KZ1C23640010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 44 877 483 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ (Астана) болып табылады.