"Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру ұйымы "Халық-Қазақинстрах"" АҚ "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына жаңа лицензия алғандығын хабарлады

19.01.11 14:28
/KASE, 19.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру ұйымы "Халық-Қазақинстрах"" АҚ (Алматы), "Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру ұйымы "Халық-Қазақинстрах"" АҚ-на "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілгеннің орнына 2011 жылдың 11 қаңтарында # 2.1.11 берілген, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясы көшірмесін биржаға ұсынды.