/KASE, 19.01.11/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) шығарылымға
жоспарланған халықаралық облигацияларының бірлескен жетекші
менеджері мен букраннерлері болып табылатын, "Қазақстан Халық
Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-ның (Алматы) хабарламасы
негізінде Қазақстан қор биржасы (KASE) биржа мүшелерінен, шетел
мемлекеті заңнамасына сәйкес шығарылатын және тіркелетін, "Қазақстан
Халық Банкі" АҚ-ның халықаралық облигацияларының жоспарлы
орналастыруына қатысу өтінімдерін қабылдаудың басталғандығын
хабарлайды.
Аталмыш облигациялардың параметрлері, сондай-ақ, "Қазақстан Халық
Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-ның Биржаға ұсынған,
облигацияларды Қазақстанда сатып алуға ұсыну тәртібі төменде берілген.
Шетел мемлекеті заңнамасына сәйкес шығарылатын және тіркелетін,
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның халықаралық облигацияларының жоспарлы
орналастыруына қатысу өтінімдерін Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған нарығында әлеуетті инвесторлардан қабылдау шетел
мемлекеттері территориясында өтінімдерді жинаумен қатар жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының территориясында облигациялардың жоспарлы
орналастырылуы аталмыш облигацияларды шетел территориясында
орналастырумен қатар, тиісті бағалы қағаздар нарығына тән ерекшеліктерді
ескере отырып, шетел мемлекетінің территориясында орналастырғандай,
орналастыру бағасын анықтау шарттарымен жүзеге асырылады.
-----------------------------------------------------------------------
ОБЛИГАЦИЯЛАР ПАРАМЕТРЛЕРІ:
--------------------------- -------------------------------------------
Эмитент атауы: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ
Облигацияның қысқаша 144А Ережесіне және S Қағидасына сәйкес
сипаттамасы: шығарылатын, қамсыздандырылмаған алғы
борыштың ғалами Облигациялары
Бір бағалы қағаздың $200,000 немесе одан жоғары номинал,
деноминациясы: еселік $1,000
Күтілетін рейтингтер: B+ (S&P), B+ (Fitch) және Ba3 (Moody's)
Қамсыздандырылуы: қамсыздандырылмаған
Шығарылым және қызмет
көрсету валютасы: АҚШ доллары
Шығарылымның жалпы бенчмарк
мөлшері
Облигациялар айналысының
индикативті мерзімі 10 жыл
Бағаны анықтаудың күтілетін
датасы: ағымдағы аптаның ортасы
Эмиссия аңдатпасы: әлеуетті инвесторлар Облигациялар
шығарылымының ағылшын тіліндегі
аңдатпасымен "Halyk Finance" АҚ
офисінде таныса алады
--------------------------- -------------------------------------------
ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУҒА ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ТӘРТІБІ:
-----------------------------------------------------------------------
Өтінімдерді қабылдау күні: 2011 жылдың 19 қаңтары
Өтінімдерді қабылдауды Алматы уақытымен 15:00
бастау уақыты:
Өтінімдерді қабылдауды
аяқтау уақыты Алматы уақытымен 19:00
заявок:
Өтінімді беру тәсілі: жабық
Есептесулерді өткізу Есептесулер күні облигацияларды сатып
шарттары: алушы өзі сатып алған облигациялардың
төлемін жасау үшін "Halyk Finance" АҚ
брокерлік шоттарында немесе басқа білікті
брокерлер немесе кастодианттар
шоттарында ақшаның болуын қамтамасыз
етуі тиіс, сондай-ақ есептесулерге арналған
қажетті нұсқауларды ұсынуға міндетті.
-----------------------------------------------------------------------
KASE ресми сайтында
(
http://www.kase.kz/files/mix/hsbke_order_form_110119.doc ) жарияланған
форма бойынша өтінімдерді құжат түрінде мына мекен-жай бойынша: 050020,
Алматы қ., Достық даңғ., 291/3а, факсимильді хабарлама ретінде
(+7 727) 250 77 79 нөміріне, сондай-ақ trade@kase.kz мекен-жайына
e-mail бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұсынылатын шығарылым бойынша нақтырақ ақпарат қосымша беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу және
презентацияға қатысуға тіркелу үшін "Halyk Finance" АҚ-ның өкіліне
хабарласуыңызды сұраймыз:
Охонов Фархад тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93,
e-mail: farhado@halykbank.kz .
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ клиенттерінің саны жағынан алда және ірі
филиалдар желісі бар Қазақстан Республикасының жетекші банктерінің бірі
болып табылады. Банк халыққа және корпоративті клиенттерге, сондай-ақ
шағын және орта бизнес өкілдеріне қызмкет көрсетудің кең спектрін
ұсынатын, 13 еншілес компанияның басын біріктірген, "Halyk Group" қаржы
тобына кіреді.
Америка Құрама Штаттарында, Аустралияда, Канадада және Жапонияда,
тікелей немесе жанама тәсілмен, таратылуға жатпайды. Осы құжат
(сондай-ақ құжаттағы ақпарат) АҚШ-та, Аустралияда, Канадада және
Жапонияда немесе бағалы қағаздардың ұсыну заңсыз болып табылатын
басқа да кез келген юрисдикцияларда сатылымға ұсынылған аталмыш
бағалы қағаздардың ұсынудың бір бөлігі болып табылмайды. Осы құжатқа
негіз болған бағалы қағаздар толықтырулары мен өзгертулері бар бағалы
қағаздар туралы АҚШ-тың 1933 жылғы Заңына ("Бағалы қағаздар туралы
заң") сәйкес тіркелмеген және тіркелмейтін болады, және АҚШ
тұлғаларының есебінен немесе пайдасына Америка Құрама Штаттарында
сатып алынуға немесе сатылымға ұсынылмайды, егер де аталмыш бағалы
қағаздар Бағалы қағаздар туралы Заңда қарастырылған қағидаларға сәйкес
тіркелмеген немесе тіркелуден босатылған жағдай орын алмаса. Бұл ретте
Америка Құрама Штаттарында бағалы қағаздарды көпшілікке ұсынуды
өткізудің қандай да мақсаты жоқ. Осы хабарлама Біріккен Корольдіктен
тыс жерде орналасқан (i) тұлғаларға, 2005 ж. Бұйрықтың (бұдан әрі -
"Бұйрық"), 2000 жылғы Қаржылық қызмет көрсету және қаржы нарықтары
туралы заңының (Қаржылық жәрдем) 19(5) Бабындағы анықтамаға сәйкес,
инвестициялар мәселесінде кәсіби тәжірибесі бар тұлғаларға (ii) немесе
Бұйрықтың 49(2) Бабындағы анықтамаға сәйкес ірі жеке капиталы бар (iiі)
тұлғаларға және бұл хабарлама заңны негізде берілуі мүмкін басқа (iv)
тұлғаларға (мұндай барлық тұлғалар бұдан әрі бірлесіп "тиісті тұлғалар"
деп аталады) таратылады және оларға арналады. Осы хабарламаға қатысы бар
кез келген инвестициялық әрекет тек тиісті тұлғаларға ғана қол жетімді.
Тиісті тұлға болып табылмайтын кез келген тұлға осы құжатқа сәйкес әрекет
ете алмайды немесе құжатқа немесе оның мазмұнына жүгіне алмайды.