"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP05Y10B464 (CSBNb9) облигациялары бойынша 3-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

05.01.11 13:29
/KASE, 05.01.11/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2010 жылдың 31 желтоқсанында өзінің KZP05Y10B464 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CSBNb9; 100 теңге, 5,5 млрд теңге, 01.07.09 – 01.07.19, инфляция деңгейімен индекстелінген жартыжылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 12,00 %, 30/360) сегізінші купондық сыйақысын төлеуі туралы хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 323 847 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.