"REAL-INVEST.kz" қаржы компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P50780116 (REALp артықшылықты акциялары бойынша 2009 жылға дивидендтерін төлеуі туралы хабарлады

06.01.11 13:39
/KASE, 06.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржы компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі цитатада - Компания), Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. 2010 жылдың 30 желтоқсанында Компания акционерлеріне 2009 жылға артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төленді. Тізілім тиянақталуы 2010 жылдың 29 желтоқсанындағы жағдайы бойынша жүзеге асырылды. Әр бір артықшылықты акцияға тиесілі дивиденді Компания Жарғысымен 10 тиын көлемінде белгіленді. Төлеуге жататын кіріс сомасы 125 000 000 (жүз жиырма бес миллион) теңгені құрайды. Компанияның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға тиесілі нақты кіріс сомасы – 125 000 000 (жүз жиырма бес миллион) теңгені құрайды.