"Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ XS0583796973, US46627JAB08 (HSBKe5) халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

31.01.11 12:31
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) өтініші негізінде XS0583796973, US46627JAB08 халықаралық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", HSBKe5; $500,0 млн, 28.01.11 – 28.01.21, жартыжылдық купон жылдық 7,25 % ; 30/360) маркет-мейкер мәртебесі "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) берілді. Аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкерге минималды міндетті баға белгілеулер көлемі қарыздың атаулы көрсетілімінде 20 600 АҚШ доллары деп белгіленді.